Жетісу және Батыс Қазақстан облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ QazAvtoJol ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 қаңтар сағат 12.00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығы салдарынан 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде автокөлік құралдарының барлық түрі үшін көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.
Жетісу облысында – 1 учаске
1. «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст.– 100 км.
Батыс Қазақстан облысында – 3 учаске
1. «Атырау-Орал» 375-492 км, Чапаев к.-Орал қ. – 117км.
2. «Чапаев-Жалпақтал-Қазталов» 0-213 км, Чапаев к.-Қазталов к. – 213 км.
3. «Атырау-Орал» 189-371 км, Атырау обл. шек.- Чапаев а.– 182 км.
Айта кетейік, қазір республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 640 бірлік техника және 1336 жолшы жұмылдырылды.