2024 жылғы 27 ақпандағы сағат 21:30-дағы жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста республикалық маңызы бар екі автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шығыс Қазақстан облысында жалпы ұзындығы 30 км 1 автожол:
- "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары", Берел а.-Рахман қайнары. (автокөліктің барлық түрі үшін).
Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 79 км 1 автожол:
- "Алматы-Ташкент-Термез", Кенен а. - Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады). (автокөліктің барлық түрлері үшін).
Республикалық маңызы бар автожолдарға 363 бірлік техника және 489 адам жұмылдырылды.