Екі облыста жол жабылды

7 Қаңтар 2024, 22:50
3186
Бөлісу:
Екі облыста жол жабылды
Фото: архив

Синоптиктердің болжамынша, бүгін сағат 19:00-ден бастап Ақмола және Қарағанды облыстарында метеорологиялық жағдай нашарлады. Қалың қар және жел соғуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауа райының қолайсыздығы 8 қаңтар сағат 16.00-ге дейін сақталады деген болжам бар.

Осыған байланысты жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана-Щучинск және Астана-Теміртау бағыттарында көлік қозғалысына шектеулер енгізілуі мүмкін екендігін хабарлаймыз.

Ауа райы туралы ақпаратқа назар аударып, сапарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ 1403 байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз. Бұл нөмір арқылы республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал жөніндегі ақпаратты алуға болады.

Айта кетейік, автожолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмысы қарқынды жүргізіліп, қар тазалайтын техника тәулік бойы жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы