Екі облыста найзағай жарқылдап, нөсер жауады

10 Мамыр 2020, 22:09
2029
Бөлісу:
Екі облыста найзағай жарқылдап, нөсер жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 11 мамыр күні ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің екі өңірде ескерту жариялады.

Маңғыстау облысында түнде жаңбыр жауады. Кей жерлерде жаңбыр қатты жауатыны күтіледі, найзағай ойнап, бұршақ түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с жетуі ықтимал. Ақтау қаласында түнде найзағай ойнап, желдің күші 18 м/с артады. 

Қостанай облысында найзағай ойнап, түнде және таңертең жекелеген аумақтарда тұман болжанады. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 18 м/с күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы