Екі облыста ауа райына байланысты жол жабылды

Жолды 17 сәуір сағат 11:30-да қайта ашу жоспарланып отыр.

 BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 07:49
Бүгiн 2026, 07:49
174
Фото: BAQ.KZ архиві

Бүгін, 17 сәуір сағат 07:30-дан бастап қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар автожол учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, Қостанай облысы аумағында «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 433–788 шақырымы (Жезқазған қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейін) жабылды.

Сондай-ақ Қарағанды облысы аумағында осы жолдың 788–906 шақырымы аралығында (Ұлытау облысының шекарасынан Топар кентіне дейін) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жолды 17 сәуір сағат 11:30-да қайта ашу жоспарланып отыр.

Жүргізушілерге жолға шығар алдында бағыттарын нақтылап, ауа райы жағдайын ескеруге кеңес беріледі.

Наверх