Екі мың әскери қызметкер коронавирус жұқтырып, 10-ы қайтыс болды

22 Желтоқсан 2020, 14:35
1676
Бөлісу:
Екі мың әскери қызметкер коронавирус жұқтырып, 10-ы қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда екі мыңнан астам әскери қызметкер коронавирусты жұқтырды. Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді.

Армия да – осы қоғамның бір бөлігі және пандемия қарулы күштерді айналып өткен жоқ. Пандемия басталғаннан бері Қарулы күштерде екі мыңнан астам адам бұл індетті жұқтырды. Олардың ішінде қазір 100-ге жуық адам емделіп жатыр. Қайтыс болғандар да бар, олардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамыз. Ал қалғаны аурудан жазылды,- деді Нұрлан Ермекбаев ОКҚ онлайн брифингінде.

Ол сондай-ақ пандемияның барлық кезеңінде коронавирус індетінен Қарулы күштердегі 10 адам қайтыс болғанын айтты.

Оның бесеуі әскери қызметкер, бесеуі мемлекеттік қызметкер. Олардың бесеуі коронавирус індетінен, бесеуі өкпе қабынуынан қайтыс болды. Егер Қарулы күштердегі індет жұқтырғандардың жалпы саны 2200 болса, әскерге шақырылушылардың саны бірнеше жүзге жуықтайды. Олардың 80 пайызы симптомсыз, 20 пайызының симптомы бар,- деді министр.

Өзгелердің жаңалығы