Екі елде де тіркелмеген ресейлік көліктер Қазақстанда қозғала алмайды

8 Қараша 2021, 20:22
4434
Бөлісу:
Екі елде де тіркелмеген ресейлік көліктер Қазақстанда қозғала алмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралв ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ІІМ-де өткен брифингте айтты.

Шетелде тіркелген көліктер бойынша 2019 жылы және 2020 жылы Армениядан келген көліктерді есепке алу бойынша жүргізілген болатын. Қазір азаматтарды алаңдатып отырған мәселе тіркеусіз көліктердің пайдаланылуы мен ресейлік тіркеуден шыққан 88 мың көлік бойынша болып отыр. Қазақстанға шетелден келген көліктерге зерттеу жүргізген кезде байқағанымыз, көлік Ресей шекарасынан шығарылған соң сол жақтағы иесі тіркеуден алып тастайды. Мысалы, азаматтар Ресейде тіркелген  көлікті сатып алады. Ал Қазақстанға өткенде ол Ресейдегі тіркеуден алынады,- деді Түсіпов.

Ол атағандай, осылайша, көлік ешбір елде тіркелмей "ауада" қалып қояды.

Ал заң және барлық халықаралық норма бойынша қозғалысқа жіберілетін көліктер тіркелуі керек. Яғни, көліктер тым болмағанда екі елдің біреуінде тіркелуі керек.  Біз деректерді сұрастырғанда Ресейдегі тіркеуден қазақстандықтар сатып алған 88 мың автокөлік тіркеуден алынғаны белгілі болды. Оларды пайдалану үшін есепке алып, тіркеу керек. Қазір 88 мың көлік бойынша әкімшілендіру жұмысы жүзеге асырылып жатыр. Ал тағы 130 мың көлік Ресейде тіркелген. Олар Қазақстан шекарасында қозғала алады. Бірақ барлық растайтын құжат болуы керек,-деді Серік Түсіпов.


Айта кетейік, ІІМ басшысы Ерлан Тұрүымбаев Мәжілістегі үкімет сағатында 80 мыңға жуық ресейлік көлік тіркелмегенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы