Екі бүйрегі де істен шықты. Әділов қаңтарда зардап шеккен полиция туралы

25 Сәуір 2022, 15:24
1278
Бөлісу:
Екі бүйрегі де істен шықты. Әділов қаңтарда зардап шеккен полиция туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздіктер барысында содырлардың  қолынан Республика алаңында қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асырған Әуезов аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы ауыр жарақат алды, - деді Әділов. 

Ол ереуілшілер инспекторға қалай зақым келтіргенін айтты. 

 Оны ереуілшілер аяусыз ұрып-соғып, оның мойнына металл арматурамен соққы беріп, мойын омыртқасын зақымдаған, сондай – ақ алған жарақаттардың нәтижесінде екі бүйрегі де істен шықты, оның өмірін күн сайын «жасанды бүйрек» гемодиализбен қамтамасыз етілуде, - деді ол. 

Әділов атағандай, аталған полиция қызметкері дәрігерлердің бақылауында және оған білікті медициналық көмек көрсетілуде.

Біздің полиция қызметкері өз отбасының жалғыз асыраушысы, - деді ол. 

 

 

Өзгелердің жаңалығы