Түркістан облысы Отырар ауданындағы Сырдария өзенінде суға батқандар туралы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2023 жылғы 21 тамызда сағат 17-40-та Түркістан облысы Отырар ауданында, Көксарай ауылынан 3 км жерде, Сырдария өзенінде шомылуға рұқсат етілмеген жерде шомылу кезінде 11 адам суға батып кетті.
Бүгінгі таңда суға батқан 11 адамның ішінен ТЖД күшімен 9 адамның, оның ішінде 3 әйелдің және 6 кәмелетке толмаған баланың денесі табылып, судан шығарылды, 2 кәмелетке толмаған баланы іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Белгілі болғандай, демалыста 20 адамнан тұратын 4 отбасы болған. ТЖД-да жедел штаб құрылды, жедел желі жұмыс істейді (8725 33 5-78-81). Түркістан облысы ТЖД басшылығы оқиға орнында жағдайды бақылауда ұстауда, - делінген таратылған ақпаратта.
Іздеу жұмыстарына барлығы 150 адам, 18 бірлік техника, 2 дрон және 6 жүзу құралы, оның ішінде ТЖД Жедел құтқару жасағынан 13 құтқарушы, 3 жүзу құралы және 3 техника, Шымкент қ. ТЖД Жедел құтқару жасағынан 6 құтқарушы, 1 жүзу құралы және 1 техника, Түркістан облысы ТЖД 50 адам, 2 дрон, 5 техника, ЖАО-дан 4 адам, 1 жүзу құралы, Полиция департаментінен 71 адам, 1 жүзу құралы және 7 техника, "103" қызметінен 6 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды.
Оқиғанын мән-жайsн Түркістан облысының Полиция департаменті анықтап жатыр.