Полиция екі баласын өлтірді деген күдіктіні ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Полиция екі баласын өлтірді деген күдіктіні ұстады. Әйелді іздеуге облыстық полиция департаментінің бүкіл жеке құрамы, көршілес аймақтар мен мегаполистер бағытталды.
Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді, - деді ол.
Полицейдің айтуынша, қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады.
Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда, - деп толықтарды сөзін Мұрат Қабденов.
Еске сала кетейік, Түркістанда екі кішкентай баланы өлтірді деген күдікпен әйелге іздеу жарияланғаны туралы ақпарат тараған болатын. Екі баласын өлтірді деген әйел Қызылорда облысы Шиелі ауданы А.С. Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейде мектепке дейін білім беретін сыныпта тәрбиеші болып жұмыс істегені белгілі болды. Бұған қатысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да пікір білдірген болатын.