Екі айлық нәресте санавиациямен Омбыдан Нұр-Сұлтанға жеткізілді

26 Желтоқсан 2020, 10:28
1373
Бөлісу:
Екі айлық нәресте санавиациямен Омбыдан Нұр-Сұлтанға жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Омбыдағы консулдығының көмегімен ауыр халде жатқан екі айлық Қазақстан азаматы жергілікті облыстық балалар клиникалық ауруханасынан санавиацияның көмегімен Нұр-Сұлтанға жеткізілді.

ҚР Ресей Федерациясындағы елшіліктің мәліметінше, ұшуды ҚР Денсаулық сақтау және Сыртқы істер министрліктері ұйымдастырды.  

Нәрестені Нұр-Сұлтанға апарар алдында мамандар диагнозбен толық танысқан. Дәрігерлер нәресте келісімен бірден қарқынды емдеуді бастады. 

Қазір науқастың жағдайы тұрақты. Дәрігерлер толық емдеу бағдарламасын жүзеге асырады.

Өзгелердің жаңалығы