EgyptAir ұшағы апатының себебі анықталды

30 Желтоқсан 2019, 22:58
3436
Бөлісу:
EgyptAir ұшағы апатының себебі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тергеушілердің ойынша, ұшқыштардың кабинасында оттектің тарауы ұшақтың теңізге құлауына себеп болған. 

The Wall Street Journal жазуынша, Францияның құқыққорғау органдары 2016 жыды EgyptAir әуе компаниясының Airbus A320 лайнеріне қатысты тергеу нәтижесін жариялады.

Airbus A320 лайнері ұшқыштар кабинасындағы оттектің тарауы салдарынан теңізге құлаған. 

Каирден шықпай тұрған кезде проблема болғаны анықталған. Бірақ ол туралы хабарламаған, - делінген баяндамада.

Египеттің Азаматтық авиация министрлігіндегілер апаттың себебіне берілген бұл нұсқамен келіспей отыр.

Айта кетсек, 2016 жылдың 19 мамырында Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде Парижден Каирге ұшқан Airbus A320 лайнері радардан жоғалды. Бортта 66 адам болған. Олар Египет, Франция, Ұлыбритания, Канада азаматтар екен.

Өзгелердің жаңалығы