eGov.kz жүйесінде техникалық ақау шықты

Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

3 Тамыз 2022 2022, 11:41
АВТОР
 3 Тамыз 2022 2022, 11:41
3 Тамыз 2022 2022, 11:41
1534

eGov.kz жүйесінде техникалық ақау шығып, қазір мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі жоқ, деп хабарлайды, BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта eGov.kz порталы компоненттері, Ашық үкімет порталының, eGov mobile мобильдік қoсымшасының және жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы қызметтерінің дұрыс жұмыс жасамауы байқалады. Сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және екінші деңгейлі банктерде мемлекеттік қызметтер қолжетімсіз.

Қазір аталған порталдардың жұмысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қызметтер жақын уақытта қалпына келтіріледі деп күтіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - делінген eGov.kz Telegram-каналында.

Наверх