Бұл жоба Денсаулық сақтау министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлескен жұмысы аясында жүзеге асырылды.
Сервисті eGov.kz порталы арқылықосуға болады. Порталда авторизациядан өтіп, «емдеуге жатқызылған жағдайда хабарлау үшін сенім білдірілген байланыстарды тіркеу» қызметін таңдайсыз. Сенім білдірілген адамның ЖСН-ын енгізесіз.
Пайдаланушы дербес деректерді өңдеуге келісім берген соң, көрсетілген адамға SMS-хабарлама келеді. Растау үшін жауап ретінде 911 кодын, ал бас тарту үшін 912 кодын жіберу қажет. Шешім қабылдауға 5 сағатқа дейін уақыт беріледі.
Сенім білдірілген байланыс тіркеуді растағаннан кейін мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне жіберіледі. Өтінішті өңдеу 10 минутқа дейін уақыт алады. Тіркеудің мәртебесін eGov.kz-тегі «Жеке кабинетте» немесе eGov Mobile-дағы «Хабарламалар – Жеке кабинет тарихы» бөлімінен көруге болады.