eGov порталына кіру ережесі өзгереді

13 Наурыз 2022, 10:45
2124
Бөлісу:
eGov порталына кіру ережесі өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 наурыздан бастап eGov.kz порталына кіру ережелері өзгереді. Пайдаланушыларпорталға логин/пароль және бір реттік СМС-код арқылы жеке-жеке кіре алмайды, деп хабарлайды электронды үкіметтің Telegram-каналы.

Енді eGov.kz порталындағы деректер екі факторлы аутентификациямен қорғалады.

eGov.kz порталына кіру үшін пайдаланушылар:

логин / ЖСН енгізу;

құпиясөзді енгізу;

мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне жіберілетін бір реттік СМС-кодты енгізу арқылы кіруді растау қажет.

Осылайша қауіпсіздіктің жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі, - деді eGov.

Электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), биометрия және eGov mobile мобильдік қосымшасының көмегімен QR-кодты сканерлеу арқылы кіру сияқты аутентификация әдістері өзгеріссіз қалады.

2FA немесе екі факторлы аутентификация – бұл пайдаланушыны идентификациялау әдісі. Бұл әдіс арқылы сіз өз аккаунтыңыздың иесі екеніңізді екі түрлі жолмен растауыңыз керек. Оның көмегімен сіздің деректеріңізге үшінші тұлғалардың қол жеткізуі әлдеқайда қиын.

Портал қызметтерін пайдалану үшін Азаматтардың мобильді базасында тіркелген өзекті телефон нөмірі болуы керек. Нөмір бұғатталған немесе тіркелмеген жағдайда 1414 нөмірі бойынша call-орталыққа хабарласу немесе eGov.kz жеке кабинетінде нөмірді ауыстыру қажет.

Өзгелердің жаңалығы