Egov арқылы АӘК төлеудің пилоттық жобасы іске қосылады

27 Мамыр 2022, 13:33
1582
Бөлісу:
Egov арқылы АӘК төлеудің пилоттық жобасы іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл соңына дейін Қазақстанның барлық өңірінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы АӘК төлеу бойынша пилоттық жоба іске қосылады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Ниязов мәлім етті.

Ол министрлік сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында АӘК көрсету тетігін жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп жатқанына тоқтала кетті.

2021 жылдың қазан айынан бастап Ақмола облысының Ақкөл ауданы мен елордада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы атаулы әлеуметтік көмек төлеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру басталды. Осы жылдың ақпан айынан бастап пилоттық жобаның шеңбері елдің 2 өңірінен 8 өңіріне дейін кеңейтілді, - деп айтты департамент басшысы.

Келесі кезеңде мамырдан желтоқсанға дейін жобаны іске асыруға республиканың барлық өңірін қосу жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы