Егер жұмысшы вакцина салдырудан бас тартса, жұмыстан шығарыла ма?

23 Маусым 2021, 18:26
9440
Бөлісу:
Егер жұмысшы вакцина салдырудан бас тартса, жұмыстан шығарыла ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Егер еңбек орнындағы қызметкер вакцина алудан бас тартса, жұмыстан шығарыла ма? Бұл сұраққа ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов жауап берді. 

Бұрын жүргізілген түсіндіру жұмыстарына сәйкес, вакцина салдырмаған жағдайда аптасына бір рет ПТР-сынама тапсыруға болады. Олай болмаған жағдайда вакциналанып, ұжымдық иммунитет қалыптастырған дұрыс, - деді вице-министр Әсет Тұрысов.  

Айта кететін жайт, бүгінгі таңда қазақстандықтарға 4,5 млн доза вакцина салынды.

Өзгелердің жаңалығы