Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Спутник Лайт» вакцинасы COVID-19-дың қаупін екі есе азайтады. Бұл туралы «Россия 1» телеарнасының эфирінде Гамалея Ұлттық орталығының директоры Александр Гинцбург мәлімдеді.
Егер «Спутник V» вакцинасының бірінші компоненті болып табылатын «лайт» нұсқасы екінші вакцинациясыз бөлек қолданылса, онда бұл инфекциямен ауруды 50 пайызға, тіпті 60 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді, - деді Гинцбург.
Вакцинация кезінде «лайт нұсқамен» бір ғана инъекция жасалады, ал антиденелер қысқа мерзімде қалыптасып үлгереді. Вакцинациядан кейінгі иммунитет үш-төрт айға созылады және оның тиімділігі шамамен 85% құрайды.
Препарат, ең алдымен, коронавирустың ауыр ошақтарын тез жоюға және ауру өршіп тұрған елдің тұрғындары үшін ұжымдық иммунитет құруға арналған. Үш айдан кейін «лайт нұсқасын» қабылдаған адам «Спутник V» екінші компонентін сала алады. Осылайша ковидтен қорғану ұзартылады.