Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев COVID-19 вакцинасының сақтау режимі туралы айтып берді.
Есқалиев қоймалар мен логистика процестерінің жұмысын ұйымдастыру кезінде фармацевтикалық препараттардың қауіпсіздігі мен сапасы бірінші кезекте маңызды екенін атап өтті. Айтуынша, COVID-19 вакцинасы және Ұлттық егу күнтізбесінен 19 вакцина келіп түскен кезде сақтау жағдайларының әртүрлі температуралық көрсеткіштері бар болғандықтан «салқындату тізбегінің» сақтау мониторингіне ерекше назар аударылады.
Егер салқындату тізбегінің кем дегенде бір кезеңі бұзылса, вакцина жойылуы керек. Іс-шаралар барлық кезеңдерде жүзеге асырылуы тиіс. Оларды фармацевтикалық зауытта дайындаудан бастап, вакцинаны нақты пациентке жеткізуге дейін. Вакциналарды тасымалдаудың барлық деңгейінде ілеспе құжаттарда температура көрсеткіштерін тіркеу жүргізіледі, - деп түсіндірді басқарма төрағасы.Отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту туралы айта келе, «СҚ-Фармация» ЖШС-нің басшысы Үкімет саланы дамытудың 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспарын іске асыруда екенін, оған сәйкес өз өндірісінің үлесі 50%-ды құрайтынын хабарлады.
Бірыңғай дистрибьютор оны іске асыруға белсенді қатысады. Осылайша, бүгінгі таңда қазақстандық өндірушілер ДДСҰ жіктеуі бойынша өмірлік маңызды дәрілерге жататын базалық препараттарды шығаруды жолға қойды. Мысалы, коронавирусты емдеу хаттамасына кіретін дәрі-дәрмектердің 48%-ы отандық өнімдер, - деп айтты ол.
Есқалиев брифинг кезінде Бірыңғай дистрибьютордың кері байланыс құралдары туралы айтып берді. Айтуынша, «СҚ-Фармация» қызметі туралы халықты ақпараттандырудың барлық қолданыстағы арналары толық көлемде пайдаланылады және өзекті және шынайы ақпаратты береді. Бұл ресми веб-сайт, әлеуметтік желілердегі парақшалар, байланыс орталығы, Төрағаның блогы және әлеуметтік желілердегі парақшалар, онда онлайн хабарласып, кері байланыс алуға болады.