КСРО ыдырағаннан кейін құрылған мемлекеттердің егемендігі жоқ. Қытайдың Франциядағы елшісі Лю Шэй осындай мәлімдеме жасады, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Ол бұл туралы француздық La Chaîne Info телеарнасының эфирінде айтқан. Елшісінің айтуына қарағанда, КСРО ыдырағаннан кейін құрылған мемлекеттер жаһандық құқықта тиімді мәртебеге ие емес, өйткені олардың мәртебесін егеменді елдер ретінде нақтылайтын халықаралық келісім жоқ.
Сонымен қатар журналист елшіден «Қырым қай елдің аумағы?» деп сұраған. Бұл сұраққа елші «сіз қалай қабылдайсыз – соған байланысты» деп жауап береді.
Қырым басында Ресейдікі болған, кейін Хрущев оны Украинаға берді, - деп жауап берді ол.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Лю Шэйдің мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берген жоқ. Ал Қытай Сыртқы істер министрлігі Бейжің КСРО құрамында болған барлық елдердің егемендігін құрметтейтінін мәлімдеді. Бұл туралыРИА Новости хабарлады.
Қытай бұрын КСРО құрамында болған барлық елдердің егемендігін құрметтейді, - деді Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин дүйсенбі күнгі брифингте.