Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы Нобель сыйлығын Эфиопияның премьер-министрі Абий Ахмед Али алды. Ол Эритреямен шекара қақтығысын шешуге үлес қосқан. Бұл туралы РИА Новости сайтында хабарланды.
«Бейбітшілік пен халықаралық ынтымақтастыққа қол жеткізуде аянбай еткен еңбегі үшін», - деп мәлімдеді Норвегия нобель комитетінің төрағасы Берит Райсс-Андерсен.
Ол бұл қадам кейбіреулерге (аймақтағы жағдай шиеленісті болып қалуда) ерте қабылданған шешім болып көрінуі мүмкін. Бірақ Ослодағылар Абий Ахмед Әлидің жұмысы «қолдау мен құрметке лайық» екеніне сенімді деп түсіндіріп өтті.
Бейбітшілік сыйлығы - XIX ғасырдың соңында шведтік өнеркәсіпші және өнертапқыш Альфред Нобель мұраға қалдырған бестіктің бірі. Негізін қалаушының түпкі ойына сәйкес марапаттау салтанатты рәсімі Стокгольмдегідей Осло қаласында дәл сол күні - 10 желтоқсанда өтеді.
2019 жылғы табыс етілетін ақшалай сыйақының көлемі – 9 млн швед кроны (шамамен 900 мың доллар).
Биыл марапатқа үміткер ретінде Швеция белсендісі Грета Тунберг, Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джакинда Ардерн, Бразилиядағы Каяпо тайпасының жетекшісі Раони Метуктире және басқалар да ұсынылған еді.
Жеңімпаздардың есімін 7 және 14 қазан күндері аралығында жариялайды. Бұған дейін медицина, физика, химия және әдебиет саласындағы сыйлықтардың лауреаттары белгілі болды.