ЕЭК өкілдері қазақ-қырғыз шекарасындағы тауарларды өткізуге мониторинг жасады

7 Маусым 2022, 13:45
1470
Бөлісу:
ЕЭК өкілдері қазақ-қырғыз шекарасындағы тауарларды өткізуге мониторинг жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЕЭК министрі қазақ-қырғыз шекарасындағы ағымдағы жағдаймен танысты. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Осы жылдың 3 маусымында Жамбыл облысы Қордай ауылында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері Кедендік ынтымақтастық жөніндегі алқа мүшесі (Министр) М.С. Мамытканов бастаған Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдерімен, сондай-ақ Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясының фискалдық органдарының өкілдерімен қазақ-қырғыз шекарасындағы ағымдағы жағдай бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында қазақстандық тарап тікелей «Қордай» және «Қарасу» автомобиль өткізу пункттерінде қатысушыларды тауарларды өткізу мониторингі бойынша бизнес-процестермен таныстырды, қолданылатын ақпараттық жүйелердің, сондай-ақ инспекциялық-тексеру кешендері арқылы бақылаудың жұмыс принципін көрсетті.

ЕЭК өкілдері қазақ-қырғыз шекарасындағы тауарларды өткізуге мониторинг жасады

Кездесуге қатысушылар шекараның қазақстандық учаскесінде бір жүк автокөлік құралының өту уақыты орта есеппен 20 минуттан аспайтынын және автокөлік құралдары кезегінің жиналуына әкелмейтінін атап өтті. 

Сондай-ақ, қазақстандық тарап Қазақстан Республикасының аумағында тақырыптық салықтық тексерулер жүргізу процесін көрнекі түрде көрсетті, оның барысында іс жүзінде әрбір жүк автокөлік құралында мәлімделмеген тауарлар, оның ішінде брендтік тауарлар анықталды.

Өз кезегінде, кездесуге қатысушылар тексерулердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қатаң сақталып жүргізілетініне көз жеткізді.

Жұмыс кездесуінің отырысы барысында Қазақстан тарапы жүргізіліп жатқан бақылау шараларын, бұзушылық фактілері және Қырғыз Республикасымен қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуы бойынша шараларын таныстырды.

Кездесу қорытындысымен тараптар кездесуге қатысушылардың жемісті жұмысын атап өтіп, одан әрі ынтымақтастықтың өркендеуіне үміт білдірді.

Өзгелердің жаңалығы