Эдуард Ещенко Париж Олимпиадасына барады

Эдуард Ещенко Париж олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Спортты дамыту дирекциясы/Шамкен Байырбек 29 Сәуір 2024 2024, 02:25
29 Сәуір 2024 2024, 02:25
841
Фото: Спортты дамыту дирекциясы/Шамкен Байырбек

Эдуард Ещенко Париж олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы мәлімдеді.

Стенд атудан Ұлттық құрама көшбасшысы Эдуард Ещенко Қатар астанасы Дохада Париж Олимпиадасының лицензиясына иелік етті.

Ол скит бағдарламасында жекелей сында финалға жетіп, үздік үштікке ілікті. Эдуард алтын және күміс жүлдегер атанған спортшыдан тек 1 ұпай қалып кетті (35 ұпай).

Бұл стенд ату шеберлерінің екінші жолдамасы. Осыған дейін трап жаттығуында Мария Дмитриенко командаға лицензия сыйлаған. Айта кетейік, нысана көздеуде жолдама спортшының жеке өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі.

Қазір Қазақстан қоржынында жазғы ойындардың 49 жолдамасы бар.

Наверх