Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Еден жуушы мен күзетшіні жөндеу жұмысына тарту қаншалықты заңды

17 Маусым 2025, 13:01
658
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Техникалық қызметкерлерді жөндеу жұмыстарына заңсыз тарту және бұл жұмыстар үшін қосымша ақы төлеу мәселесіне қатысты Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменованың сауалына Үкімет ресми жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Техникалық жұмыскерлер – олар тазалаушы, жүргізуші, электрик, тазалаушы, күзетші, вахтер.

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың жауабында көрсетілгендей, жұмысшы тек өзінің еңбек шарты мен ұжымдық келісімдерде нақты көрсетілген міндеттерді ғана орындауға міндетті. Егер жөндеу жұмыстары қызметкердің ресми еңбек міндеттеріне кірмесе және бұл шарттарда нақты көрсетілмесе, онда мұндай жұмыстар үшін қосымша ақы төленуге тиіс.

Жұмыс беруші жұмыскердің келісімінсіз оның еңбек міндеттерін біржақты өзгертуге немесе кеңейтуге құқылы емес. Ал бір ұйым аясында атқарылатын қосымша жұмыс міндетті түрде қосымша төлеммен жүргізілуі қажет, – делінген ресми жауапта.

Мұндай қосымша жұмыс түрлеріне:

  • бос лауазым бойынша қосымша міндет атқару;
  • жұмыс көлемін ұлғайту;
  • уақытша жоқ қызметкердің орнына жұмыс істеу сияқты жағдайлар жатады.

Сонымен қатар жұмыскер егер еңбек шартында қарастырылмаған жұмыстарды орындауға мәжбүрленсе, оны орындаудан бас тартуға толық құқылы.

Ал егер жұмыс беруші қосымша төлемді заңсыз түрде төлемесе, қызметкер мемлекеттік еңбек инспекциясына шағымдана алады.

Бұған дейін 2025 жылға қарай техникалық жұмыскерлердің жалақысы 2 есе өскенін жаздық. 

Өзгелердің жаңалығы