ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда көлемі артты

22 Қаңтар 2022, 10:30
1673
Бөлісу:
ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда көлемі артты
Фото: inform.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы қаңтар-қарашада тауардың сыртқы саудасының көлемі 752 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі. 

 Оның ішінде экспорт – 465,9 млрд АҚШ долларын, импорт – 286,1 млрд АҚШ долларын құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда экспорт 42,5%-ға, импорт 22,8%-ға өсті.2021 жылғы қаңтар-қарашада 2020 жылмен салыстырғанда ЕАЭО-дан тыс елдерге тауарлардың экспорттық жеткізілімі Беларусьтен – 50,3%-ға, Ресейден – 45,4%-ға, Қазақстаннан – 23%-ға және Армениядан – 16,3%-ға өскен, - делінген хабарламада.

ЕАЭО-дан экспортталатын тауарлардың негізгі сатып алушылары Еуропалық Одақ елдері мен Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (28,6%) болды. Одақ нарығына импортталатын елдер арасында Қытай мен Германия көш бастап тұр.

Өзгелердің жаңалығы