ЕАЭО елдері арасында еркін жүру үшін «COVID-19-сыз саяхат» қосымшасы іске қосылды

5 Ақпан 2021, 12:23
1213
Бөлісу:
ЕАЭО елдері арасында еркін жүру үшін «COVID-19-сыз саяхат» қосымшасы іске қосылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин Алматыда өтіп жатқан «Digital Almaty 2021» форумында жаңа «COVID-19-сыз саяхат» мобильді қосымшасы жайлы айтты.

Осыдан бір жыл бұрын ЕАЭО аясында экономиканы цифрландыруда күш біріктіру қажеттігін талқылаған едік, алайда келешекте қандай өзгерістер күтіп тұрғанын білмедік. Әлем тез өзгеріске ұшырайтынын ешкім білмеді. Одаққа кіретін бес елдің алдында қиын шешімдер тұрды. Пандемия келісімен мемлекеттер арасындағы шекара жабылып, қызметтердің көпшілігі қашықтан атқаруға көшті. Адамдар вирус жұқтырып алмас үшін мемлекеттік қызметтерді онлайн беруге тырыстық. Сондай-ақ өзін-өзі оқшаулау кезінде цифрлы технологиялар қоғаммен байланыстың бір бөлігіне айналды, - деді ол. 

Сонымен қатар ол пандемия кезінде халықтың мемлекеттер арасында еркін жүруіне арналған «COVID-19-сыз саяхат» мобильді қосымшасы қолданысқа енгізіле бастағанын айтты.

1 ақпанна бастап РФ-да «COVID-19-сыз саяхат» мобильді қосымшасы қолданылып жатыр. Бұл қосымша барлық елде қолданысқа еніп, елдер арасындағы байланысты нығайта түседі деп сенемін. Ресей, Армения және Беларусь азаматтары осы қызметке көшіп, оны сәтті қолдануда, - дейді Мишустин.

Саяхатқа шығатын адам бұл қосымшаны телефонына жүктеп алып, тіркеледі. Ұшақпен ұшуға 72 сағат қалғанда сонда белгіленген зертхананың бірінен тесттен өтеді. Егер тест теріс нәтиже көрсетсе, ол қосымшада көрсетіледі және QR-кодпен расталып, әуежайға жолдама береді. Осылайша, азамат еркін саяхаттау мүмкіндігіне ие болады. 

Михаил Мишустин бұл жүйені Қазақстан да қолданса, ол цифрландыру саласының кең өріс ала түсетінін жеткізді.



Өзгелердің жаңалығы