E-Gov арқылы қате төленген әлеуметтік аударымдарды қайтаруға бола ма

4 Тамыз 2023, 00:19
991
Бөлісу:
E-Gov арқылы қате төленген әлеуметтік аударымдарды қайтаруға бола ма
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

E-Gov арқылы артық төленген әлеуметтік аударымдар мен қате аударылған МЗЖ қайтаруға өтінімді беруге болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп «Электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі – e-Gov) арқылы «Әлеуметтік аударымдарды уақтылы немесе толық төлемегені үшін артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және өсімпұлдарды қайтару» және «Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының және өсімпұлдың сомасын қайтару» қызметтеріне өтінім беру мүмкіндігін іске асырды.

Бұрын әлеуметтік аударымдарды немесе зейнетақы жарналарын төлеушілер төлемдер кезінде жіберілген қателіктерді түзету үшін Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталық филиалының кеңсесіне немесе оның аймақтық филиалдарының бэк-офистеріне жүгінуге мәжбүр болатын.

Бұл ретте қате аударылған сомаларды қайтаруға өтініштерді қабылдау тек қағаз жеткізгіште атқарылса, ал оларды қарауды Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталық филиал жүзеге асырды. Басқа өңірлерден өтініштер «Қазпошта» АҚ немесе курьерлік қызметтер арқылы жеткізілді.

E-Gov арқылы өтінім қалдыру мүмкіндігінің пайда болуы бұл процесті айтарлықтай жеңілдетіп, қызметтерді алу уақытын қысқартады.

Өзгелердің жаңалығы