Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінде өткен тікелей эфир барысында мәлімдеді.
Ақмәди Сарбасов, сондай-ақ, карантиндік шаралар жағдайында жұмысын қайта бастауына рұқсат етілмеген жұмыс берушілердегі қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыруға және олардың еңбегіне ақы төлеуге қатысты мәселелер туындағанын атап өтті. Осыған байланысты, ол, қолданыстағы еңбек заңнамасында өндірістік қызметке қатысты толыққанды шектеулер болған жағдайда, еңбек қатынастарын ресімдеудің бірнеше нұсқасы қарастырылғанын айтты.Бірінші, қашықтықтан жұмыс істеу тәртібі (Еңбек кодексінің 138-бабы). Қашықтағы жұмыс шарттары еңбек шартына қосымша келісімдерде белгіленеді, ал жұмыс беруші қызметкерді қажетті байланыс құралдарымен қамтамасыз етуі керек. Екінші: толық емес жұмыс күні. Жұмыс беруші толық емес жұмыс күнін (күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын азайту, толық емес жұмыс аптасы не осы екі нұсқа да) белгілеуге құқылы. Үшіншісі: ақысы төленбейтін демалыс. Оған қызметкердің бастамасы бойынша және жұмыс берушінің келісімімен ғана рұқсат етіледі (некені тіркеу, баланың тууы, жақын туыстарының қайтыс болуы жағдайында жұмыс берушінің келісімі талап етілмейді).Төртінші: жұмыс беруші мен қызметкердің бақылауына жатпайтын жағдайларға байланысты тоқтап тұруды рәсімдеу (Еңбек кодексінің 112-бабы). Тоқтап тұру 1 ең төменгі жалақыдан (42 500) кем болмайтын мөлшерде төленуі керек. Тоқтап тұру барлық ұйымдарға сай келмейтінін атап өткен жөн – тоқтап қалу себептері ұйымның жұмыс істеуін жалғастыруының мүмкін болмауына негізделуге тиіс (мысалы, егер Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысымен осы ұйымның қызметіне толық немесе ішінара тыйым салынған жағдайда), - деді ол.
Ақмәди Сарбасов карантиндік шектеулердің әсерінен бизнес толық көлемде өндірістік қызметін жүзеге асыра алмай отырса да, өз қызметкерлері үшін әлеуметтік жауапкершілікті мойнына алып, жұмыс орындарын сақтап отырған үшін жұмыс берушілерге алғыс білдірді.