25-27 шілде аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда дзюдодан Гранд Слэм турнирі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Дүбірлі додада Қазақстан құрамасынан 8 спортшы бақ сынады. Алайда, көпшілігі алғашқы айналымнан әрі аса алмай, ұлттық құрама бұл жарысты жүлдесіз аяқтады.
Жалпы есепте Қазақстан 26 елдің ішінде 18-орынға тұрақтады.
Ал көршілес Өзбекстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 4-орынға табан тіреді.
Турнирде Жапония құрамасы көш бастады. Олардың еншісінде 6 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль бар.
Моңғолия құрамасы 3 алтын, 1 күміс, 7 қола жүлдемен екінші орынға жайғасса, үздік үштікті Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) командасы түйіндеді.