Дзюдошылар жүлдесіз қалды

22 Мамыр 2024, 16:48
266
Бөлісу:
Дзюдошылар жүлдесіз қалды
Фото: Дзюдо федерациясы

Дзюдодан Абу-Дабиде ерлер мен әйелдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дзюдодан Қазақстан командасы әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде де жүлдесіз қалды. Әбу-Дабидегі әлем чемпионатында Аруна Жангелдина (78 келі) мен Екатерина Токарева (70 келі) сынаға түсті. 

Жангелдина бірінші белдесуде Ұлыбритания спортшысы Эмма Рейдке есе жіберсе, Токарева бірінші айналымда өзбекстандық Гүльноза Матниязованы жеңіп, екінші кезеңде испаниялық Ай Цунододан жеңілді. Осылайша, Қазақстан командасы кезекті жарыс күнін жүлдесіз аяқтады. 

Ел қоржынында Абиба Әбужақынова (48 келі) жеңіп алған қола медаль ғана бар.

Өзгелердің жаңалығы