Дзюдошы Зарина Райфова Азия пара ойындарының күміс жүлдегері атанды

25 Қазан 2023, 12:35
611
Бөлісу:
Дзюдошы Зарина Райфова Азия пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында дзюдошы Зарина Райфова күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зарина J2 санаты бойынша 70 келіге дейінгі салмақта финалдық белдесуде әлем чемпионы, алаң қожайыны Хуньюй Ванмен белдесіп, 0:10 есебімен есе жіберді.

Зарина А тобындағы бірінші кездесуінде Азия пара ойындарының екі мәрте қола жүлдегері, жапониялық Ацуми Нисимурадан 10:0 есебімен айласын асырған еді.

Осылайша, Қазақстан қоржынына жетінші күміс медаль түсті.

Өзгелердің жаңалығы