Алматыда дзюдошы Елдос Жұмаханов атындағы турнир өтті

24 Желтоқсан 2019, 18:50
4621
Бөлісу:
Алматыда дзюдошы Елдос Жұмаханов атындағы турнир өтті

Алматы, BAQ.KZ.  Алматыда дзюдодан халықаралық  дәрежедегі спорт шебері Елдос Жұмахановтың жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті.  Сайысқа 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер қатысты.

Елдос Жұмаханов 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жаңа-ауылда дүниеге келген.  Бала кезінен спортқа жақын болып осы салада өзінің жетістіктерін әлемге паш етіп келеді. 2010 жылы дзюдодан Қазақстан Республикасының жастар құрамасына қабылданған, 2013 жылдан бері жылы ҚР Ұлттық ересектер құрама командасында өнер көрсетіп келеді.

Турнирге Нұр-Сұлтан қаласынан, Маңғыстау облысынан, Шығыс Қазақстан облысынан, Қарағанды облысынан, Қостанай каласынан, Тараз каласынан, Алматы облысынан және Алматы қаласынан жалпы саны 27 команда қатысып, 250 спортшы бақ сынады.

Елдос Жұмахановтың спорттағы жетістіктеріне тоқталсақ: Әскерилер арасында әлем чемпионы (2013 ж., Астана), Әлемдік ГранПри жеңімпазы (2013 ж., Алматы), Азия біріншілігінің қола жүлдегері, (2014 ж., Бангкок), Европа кубогының күміс жүлдегері (2015 ж., Польша), «Әлемдік шеберлер ТОП-16» турнирінің күміс жүлдегері (2017 ж., Сант-Петербург), Әлемдік ГранПри, күміс жүлдегер, (2019 ж., Будапешт).

Жарыс қорытындысы бойынша  Алматы облысының спортшылары бірінші орынды иеленді, екінші орынды Қарағанды облысы ұтып алса, Алматы қаласының "Лашын" спорт клубы үшінші орыннан көрінді.
Өзгелердің жаңалығы