Дзюдошы Данияр Шамшаев Азия чемпионы атанды

5 Тамыз 2022, 18:43
1414
Бөлісу:
Дзюдошы Данияр Шамшаев Азия чемпионы атанды

 Қазақстандық Данияр Шамшаев Нұр-Сұлтанда дзюдодан өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ  sports.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ол 73 келіде алтын медальға қол жеткізді. Финалда Шамшаев өзбекстандық Муроджон Юлдошевпен кездесті.

Шешуші жекпе-жек тез аяқталды: Шамшаев тиімді әдісті орындап, «иппон» алды. Бұл оған мерзімінен бұрын жеңіс әкелді.

Өзгелердің жаңалығы