Дзюдошы Абиба Әбужақынова IJF әлемдік рейтингінің үздік бестігіне енді

4 Сәуір 2023, 23:35
575
Бөлісу:
Дзюдошы Абиба Әбужақынова IJF әлемдік рейтингінің үздік бестігіне енді
Фото: olympic.kz

Қазақстан спортшысы Абиба Әбужақынова дзюдодан үздік бестікке енді, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Анталияда өткен Grand Slam сериясының турнирінен кейін дзюдошылардың рейтингін жаңартты. 

Мәселен, турнир кезінде қола медаль иеленгені үшін Қазақстан спортшысы Нұрқанат Серікбаевқа 500 ұпай берілді, өз кезегінде бұл оның әлемдік рейтингте 15 орынға дейін көтерілуіне мүмкіндік берді.

Сондай-ақ жаңартылған мәліметтерге сәйкес, спортшы қызымыз Абиба Әбужақынова әлемнің үздік бес дзюдошысы қатарына енді. Ал ерлер құрамасы сапынан Мағжан Шамшадин (60 кг) мен Данияр Шамшиев (73 кг) өз салмақ дәрежелерінде 15-орынға тұрақтады.

Өзгелердің жаңалығы