Дзюдодан Grand Prix Odivelas жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

24 Қаңтар 2024, 12:02
1157
Бөлісу:
Дзюдодан Grand Prix Odivelas жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

26-28 қаңтар күндері Португалияның Одивелаш қаласында дзюдодан әлемдік Grand Prix Odivelas турнирі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәлімдеуінше, оған 99 елден 659 спортшы қатысады. 

Оның ішінде ерлер - 364, әйелдер - 295. Додада еліміздің атынан 15 татами шебері күш сынасады.

Ерлер:
Ержан Еренқайыпов (60 кг)
Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг)
Дархан Қойбағар (73 кг)
Жансай Смағұлов (73 кг)
Айдар Арапов (90 кг)
Ислам Бозбаев (100 кг)
Әділ Оразбаев (+100 кг)
Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Бас бапкер - Нұрбол Сүлейменов.

Әйелдер:
Әбиба Әбужақынова (48 кг)
Ғалия Тынбаева (48 кг)
Бақыт Құсақбаева (57 кг)
Эсмигүл Куюлова (63 кг)
Аруна Джангелдина (78 кг)
Камила Берліқаш (+78)
Назгүл Маратова (+78)

Бас бапкер - Ерлан Алпысбаев.

Өзгелердің жаңалығы