Дзюдодан Азия чемпионатында Жанарыс Рахметқали қола жүлдегер атанды

20 Сәуір 2024, 19:10
457
Бөлісу:
Дзюдодан Азия чемпионатында Жанарыс Рахметқали қола жүлдегер атанды
Фото: olympic.kz

Гонконгта өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық Жанарыс Рахметқали қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz сілтеме жасап.

66 келі салмақта сынға түскен ол кіші финалда командаласы Ғұсман Қырғызбаевтан басым түсті.

Бұл Жанарыстың ересектер арасында жеңіп алған алғашқы медалі. Ол жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегері.

Бірінші жарыс күнінде әйелдер арасында Ғалия Тынбаева (48 келі) қола медаль иеленген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы