Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Елдос Жұмақанов пен Галбадрах Отгонцэцэг спорттық мансабын аяқтады. Бұл туралы Оралда өтіп жатқан ел чемпионатында белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Елдос Жұмақанов ұзақ жылдар бойы Қазақстан командасының намысын абыроймен қорғады.
66 келі салмақта сынға түскен ол спортқа бес жасында қадам басқан. Осы жылдар аралығында Елдос Жұмақанов әскерилер арасындағы әлем чемпионы, Гран-при турнирінің жеңімпазы (2013), аталған турнирдің күміс және қола жүлдегері (2016, 2019) атанды.
Masters турнирі (2017) мен Еуропа кубогінің (2015) күміс жүлдегері. Сондай-ақ, Елдостың жүлде қоржынында Азия біріншілігінің төрт медалі бар. Ол 2015 жылы Эль-Кувейтте, 2016 жылы Ташкентте өткен құрлық додасында қола жүлдеге қол жеткізсе, 2017 жылы Гонконг және 2019 жылы Фуджейрада өткен Азия чемпионатында күміс медаль таққан.
Сонымен қатар, Елдос Жұмақанов 2018 жылы Джакартада (Индонезия) өткен Азия ойындарының қола жүлдегері атанған.
Бүгін кәсіби спортшы ретінде спорттағы мансабымды аяқтап отырмын. Әрине, мұндай шешімді қабылдау мен үшін оңайға соққан жоқ. Дзюдошы ретінде ұлттық құрама сапында 12 жыл тер төктім. Осы жылдар аралығында жеңіс пен жеңіліс, қиындық пен қуаныш қатар жүрді. Спортшы ретінде әрдайым Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Қазақстан дзюдо федерациясының қолдауын қашан да сезіндік. Спортқа алғаш аяқ басқаннан бізді баласындай көрген бапкерлеріме, бірінші жаттықтырушыма, жеке жаттықтырушыма, ұлттық құраманың бапкерлер құрамы, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуымызды қамтамасыз еткен командадағы әрбір маманға ерекше алғысымды білдіремін - деді Елдос Жұмаханов.
Өздеріңіз білетіндей, дзюдо – тек қана спорт түрі емес, ол тұнған философия.
Галбадрах Отгонцэцэгтің спорттық ғұмырындағы ең ірі жеңіс – 2016 жылғы Рио Олимпиадасының қола жүлдесі. 48 келіде ел намысын қорғаған Галбадрах екі мәрте (2017, 2018) әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.Татами бізді талай жақсылармен табыстырды. Дос таптық, қарсыластарымыз арқылы күшейе түстік. Спортшы ретінде әбден шыңдалдық. Енді шыңдалған тәжірибемізді қолданатын, ел спортының жандануы жолында маман ретінде қызметке кірісетін кез келді деп ойлаймын. Дзюдо әлемінен түбегейлі бас тарту мүмкін емес. Бүгін дзюдошы ретінде спорт мансабымды аяқтағаныммен Қазақстан спортына қызмет етуімді әрі қарай жалғастырамын, - деді Елдос.
Сондай-ақ, Азия ойындары (2018) мен Универсиадада (2017) үздік үштікке еніп, 2018 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатында топ жарған.