Джоан Роулинг он жыл бұрын жазған ертегісін жариялады

27 Мамыр 2020, 11:09
1398
Бөлісу:
Джоан Роулинг он жыл бұрын жазған ертегісін жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Джоан Роулинг он жылдан астам бұрын жазған The Ickabog ертегі повесін алғаш рет жариялайтын болды. Бұл туралы НОЖ онлайн-журналы хабарлады. 

Жазушы Twitter-де бұл ертегінің Гарри Поттер әлеміне қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Ал ең кішкентай оқырмандарының арасында ол жаңа ертегіге иллюстрация салу байқауын жариялады. Үздік суреттерді баспагерлер кітапқа енгізеді.  

Повестің алғаш екі бөлімін арнайы сайттан оқуға болады. Апта сайын бұл сайтта ертегінің келесі бөлімдері жарияланып тұрады. Кітаптың баспадан шығарылатын нұсқасы қарашада жарық көреді. Кітаптан түскен барлық қаражат коронавируспен күреске жұмсалады. 

Роулингтің екі кіші баласы ғана бұрын бұл ертегімен таныс болған.

Өзгелердің жаңалығы