Джо Байден халықты вакцина салдыруға шақырды

26 Маусым 2021, 08:45
2649
Бөлісу:
Джо Байден халықты вакцина салдыруға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Джо Байден америкалықтарды вакцина салдыруға шақырды, деп хабарлады 24.kz.

Ақ үй басшысы халықтың екпеге оңай қол жеткізуі үшін барлық тиісті шаралар қолға алынғанын айтады. Бүгінде Құрама Штаттарында індетке қарсы препаратты аурухана мен екпе егу орталықтарында ғана емес, тіпті дәріхана және кафе, барларда да салуға болады. Күні бүгінге дейін АҚШ-та егде жастағы тұрғындарының 60 пайызы вакцинаның бірінші дозасын қабылдап үлгерді. 

Адам өз қауіпсіздігі үшін вакцина қабылдайды. Екпе екпегендер өмірін қатерге тігеді. Шындық осы. Коронавирустың қауіпті дельта штамы да етек жайып барады. Біз пандемия кезінде бір жылдың ішінде 600 мың адамнан айырылдық. Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыста осыншама адам қаза таппаған еді, – деді АҚШ президент Джо Байден.

Ресей билігі де өз тұрғындарын екпе салдыруға шақырады. Тамыздың 15-іне дейін қызмет көрсету саласында жұмыс істейтіндер міндетті түрде вакцина қабылдауы тиіс. Жуырда елдегі ірі компаниялардың бірі өз қызметкерлеріне арналған екпе егу орталығын ашқан. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков коронавирусқа қарсы вакцина ерікті түрде екенін хабарлады. Дегенмен, қызмет көрсету саласында істейтіндер екпе қабылдаудан бас тартса, жұмысын ауыстыруына тура келетінін алға тартты.

Өзгелердің жаңалығы