Джермелл Чарло бірінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы атанды

15 Мамыр 2022, 17:00
1269
Бөлісу:
Джермелл Чарло бірінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық боксшы Джермелл Чарло бірінші орта салмақта әлемнің абсалют чемпионы атанды,- деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ол бүгін аргентиналық Брайан Кастаньоны жеңіп, WBO титулын тартып алды. Ал өзінде WBA Super, WBC, IBF және WBO белбеулері болғандықтан бірінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы атанды. Бұл жекпе-жек Карсон (АҚШ) қаласында өтті. 

Чарло мен Кастаньо бұған дейін де кездескен еді. Былтыр өткен айқаста төрешілер тең нәтижені тіркеген. Бүгінгі айқас 12 раундқа жоспарланған еді. Бірақ соңына дейін жетпеді. 

Оныншы раундта Чарло  Кастаньоны екі рет нокдаунға түсірді. Содан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. 

Бұл америкалық боксшының карьерасындағы 35-ші жеңіс. Ол 19 мәрте қарсыластарын нокаутпен ұтқан. Ал аргентиналық карьерасында бірінші рет жеңілді. 

Айта кетейік, Джермелл Чарло орта салмақта WBC белбеуінің иегері Джермалл Чарлоның егізі.  

Өзгелердің жаңалығы