Дүйсенова Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды

5 Қазан 2022, 15:15
934
Бөлісу:
Дүйсенова Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Жезқазған және Сәтбаев қалаларында, сондай-ақ Ұлытау ауданында Еңбекминінің басшысы көпбалалы аналармен, мүгедектігі бар адамдармен, ҮЕҰ өкілдерімен, жұмыс берушілермен және еңбек ұжымдарымен, жастармен кездесулер өткізеді.

Сонымен қатар Тамара Дүйсенова өңір активімен кездесіп, баспасөз брифингінде журналистердің сұрақтарына жауап береді.

Жұмыс сапары барысында министр Ұлытау облысының тұрғындарына Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру барысы және ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында көзделген әлеуметтік-еңбек саласын жетілдіру жөніндегі жаңа тәсілдер туралы айтып береді.

Өзгелердің жаңалығы