Дүйсенова Президент кеңесшісі Чакрабартимен кездесу өткізді

30 Маусым 2022, 11:26
1200
Бөлісу:
Дүйсенова  Президент кеңесшісі  Чакрабартимен кездесу өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің Экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесшісі, Президент жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары Кеңес төрағасының орынбасары және «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесу өткізді.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кездесу барысында Тамара Дүйсенова министрлік жүргізіп жатқан жұмыстардың негізгі бағыттарын таныстырды. Сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі елімізде әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекс аясындағы бастамаларға тоқталды.

Кездесу соңында тараптар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мүмкіндіктер бағдарламасына (capability review update) қатысуы жөнінде келісімге келді.

Өзгелердің жаңалығы