Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

24 Қазан 2022, 09:00
9191
Бөлісу:
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» синоптиктері 24 қазан, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына Батыс антициклоны ықпал етеді.

Сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында атмосфералық фронттар жүріп өтеді.

Осыған байланысты жаңбыр жауады, оңтүстіктің және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.

Өзгелердің жаңалығы