Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы уақытта Душанбеде «Кохи Навруз» сарайында АӨСШК-нің 5-ші мерейтойлық Саммиті өтуде.
Саммитке 27 елден (Қазақстан, Ауғанстан, Әзербайжан, Бангладеш, Бахрейн, Вьетнам, Мысыр, Израиль, Үндістан, Иордания, Ирак, Иран, Камбоджа, Катар, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, БАӘ, Палестина, Пәкістан, Корея Республикасы, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Шри-Ланка) мемлекеттер, үкімет және СІМ басшылары және 13 бақылаушы (Беларусь, Индонезия, Лаос, Малайзия, АҚШ, Украина, Филиппин, Жапония, сонымен қатар БҰҰ, Араб Мемлекеттерінің Лигасы, Халықаралық көші-қон ұйымы, ЕҚЫҰ, Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы).
Мемлекет басшылары деңгейінде Душанбеге Қазақстан, Бангладеш, Иран, Қатар, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Ресей, Шри-Ланка, Өзбекстан көшбасшылары қелді.
Саммитті шамамен 650 БАҚ өкілдері жарықтандыруда.
АӨСШК 1992 жылы БҰҰ қолдауымен құрылған аймақтық ұйым болып табылады. АӨСШК соңғы саммиті 2014 жылғы мамырда Шанхайда өтті.
АӨСШК төрағалығы 2018 жылы Қытайдан Тәжікстанға өтті.
АӨСШК хатшылығы Нұр-Сұлтанда орналасқан.