Душанбе – Астана – Душанбе бағыты бойынша алғашқы рейс орындалды

2 Сәуір 2024, 23:53
575
Бөлісу:
Душанбе – Астана – Душанбе бағыты бойынша алғашқы рейс орындалды
Фото: архив

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті рейстер санын одан әрі ұлғайту және Қазақстаннан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда. 2024 жылғы 2 сәуірде Қазақстан мен Тәжікстан астаналары арасында тікелей тұрақты рейс ашылды. Рейс ашылуының ресми тұсаукесеріне Азаматтық авиация комитеті қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана-Душанбе бағыты бойынша ұшуларды "Somon Air" әуе компаниясы аптасына 2 рет (сейсенбі, жұма) Б-737 үлгісіндегі әуе кемесінде орындайтын болады.

Әуе бағытының іске қосылуы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, – деп жазды Көлік министрлігінен.

Өзгелердің жаңалығы