Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Ұлттық құрама дайындықты күшейтті

22 Тамыз 2022, 16:00
2760
Бөлісу:
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Ұлттық құрама дайындықты күшейтті
PHOTO

Көкпардан ҚР ұлттық құрамасының мүшелері осы жылдағы екінші оқу-жаттығу жиынын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тамыз айында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Олимпиадалық даярлау орталығында жалпы дене дайындығы бойынша жаттығу жасап, спортшылар физикалық тұрғыдан шыныққан болатын. 

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Ұлттық құрама дайындықты күшейтті

Кезекті оқу-жаттығу жиыны 7-20 тамыз аралығында Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Атлетик» спорт базасында өтті. Бұл оқу-жаттығу жиынында спортшылар арнайы дайындықтан өтіп, аттармен бірге жаттығу жасады. 

Көкпардан бас жаттықтырушы Қуанышбек Құрамаев ұлттық құрамадағы 24 спортшыны жан-жақты дайындықтан өткізді. Құрамада еліміздің барлық өңірінен мықты спортшылар қамтылған. 

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Ұлттық құрама дайындықты күшейтті

Ұлттық құраманың сапында көкпардан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Абылайхан Нышанбеков, көкпардан Азия чемпионы - Құрманбек Тұрғанбек сынды белді шабандоздар бар. Сондай-ақ, еліміздің намысын Нұрқасқа, Бүркіт, Заңғар, Найман, Кәмпит, Қаршыға қатарлы үздік аттар қорғайды.  

Аталған оқу-жаттығу жиындары IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық негізінде өтті. 

Көшпенділердің дәстүрі мен жауынгерлік рухын жаңғыртқан IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Түркияның Изник қаласында 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтеді. 

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Ұлттық құрама дайындықты күшейтті

Қазіргі таңда «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығынан» көкпар мен қазақ күресінен ұлттық құрамалар дайындықтарын пысықтап жатыр. Сонымен қатар, орталыққа қарасты асық ату, аударыспақ, жамбы ату, тоғызқұмалақ, саятшылық, теңге ілу ұлттық спорт түрлері де қатысады деп жоспарланған, – дейді орталық мамандары.

Өзгелердің жаңалығы