Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Еліміз медальдар кестесінде көш бастады

Кеше, 22:16
124
Бөлісу:
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Еліміз медальдар кестесінде көш бастады
Фото: gov.kz

Елордада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының екінші жарыс күні мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 14 алтын, 3 күміс, 8 қола медальмен жалпы есепте көш бастап келеді.

Ал екінші орында 2 алтын, 7 күміс, 4 қола жүлдемен Қырғызстан спортшылары келе жатса, үздік үштікті 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль жеңіп алған Ресей түйіндеді.

Өзбекстан құрамасының еншісінде 2 алтын, 4 күміс, 6 қола бар. Бесінші орында 1 алтын, 1 қола медальмен жалпы есепте Францияның құрамасы тұр.

Өзгелердің жаңалығы