Дүниежүзілік банкпен серіктестікті әрі қарай нығайтамыз - Смайылов

16 Қаңтар 2024, 09:00
349
Бөлісу:
Дүниежүзілік банкпен серіктестікті әрі қарай нығайтамыз - Смайылов
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскуряковамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік банкпен серіктестік инклюзивті және тұрақты дамуға қол жеткізу үшін Қазақстанда іске асырылып жатқан реформаларды қолдауға бағытталған. 30 жылдық серіктестік барысында елімізде жалпы сомасы $8 млрд-тан астам 48 бірлескен жоба сәтті іске асырылған. 

Бүгінде 6 жоба белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Қазақстан Үкіметі Дүниежүзілік банкпен серіктестікті әрі қарай нығайтуға ниетті, - деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Татьяна Проскурякова Ұйым Қазақстан бойынша жаңа жобаларды дайындауды жандандырғанын, оған былтыр тамызда өткен келіссөздердің ықпал еткенін атап өтті. Оның ішінде Үкіметтің шалғай елді мекендерді интернетке қосу бағдарламасы да бар.

Дүниежүзілік банкпен серіктестікті әрі қарай нығайтамыз - Смайылов

Бұл Орталық Азиядағы барлық ел үшін жақсы үлгі болады деп ойлаймын. Менің ойымша, Қазақстанның өңірлік көшбасшы ретіндегі рөлі нығая түспек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы