Дүкеннен киім ұрлаған әйел ұсталды

9 Қазан 2022, 18:37
1979
Бөлісу:
Дүкеннен киім ұрлаған әйел ұсталды

Түркістан полициясына киім сататын дүкендердің бірінен арыз келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Арызданушы дүкеннен белгісіз біреулердің ұрлық жасап, 60 000 теңгеден астам шығын келтіргенін жеткізген.

Ұрлықты ашу үшін полицейлер бейнебақылау камераларын қарап шықты. Нәтижесінде күдікті анықталды.

 Іс "Ұрлық" бабы бойынша тіркелді. Әйел дүкенге сатып алушы ретінде келген. Содан өзіне ұнаған бірнеше жаңа киімді сөмкесіне салып алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Ұрланған заттар тәркіленді.

Өзгелердің жаңалығы