Дүкен иелеріне насвай мен снюс сатқаны үшін айыппұл салынды

Бүгiн, 17:57
352
Бөлісу:
Дүкен иелеріне насвай мен снюс сатқаны үшін айыппұл салынды
Фото: gov.kz

Астананың «Нұра» ауданының әкімдігі Полиция басқармасымен бірлесіп, тыйым салынған темекі өнімдерінің заңсыз саудасын анықтау бойынша рейд жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Рейд барысында ауданның тұрғын үй кешендерінде орналасқан сауда нүктелері тексеріліп, екі дүкенде насвай мен снюс сату фактілері анықталды.  

Тексеру нәтижесінде 17 қорап насвай мен 4 қорап снюс тәркіленді, олардың жалпы құны – 8 400 теңге. Дүкен иелеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес 98 300 теңге (25 АЕК) көлемінде айыппұл салынды, - деді учаскелік полиция инспекторы Руслан Алданов.  

Мұндай рейдтер тұрақты түрде өткізіледі және тыйым салынған темекі өнімдерінің заңсыз саудасын тоқтатуға бағытталған. Насвай мен снюсты сатуға заңмен тыйым салынғанын және бұл үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескерген жөн.

Өзгелердің жаңалығы